«Ресейдегідей жалақы береміз». Қырғыз президенті әкімшілігі сырттағы азаматтарын елге шақыруда

17:56, 14 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов Ресейде жұмыс істеп жүрген бірқатар қырғыз азаматтарынан елге оралуды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысының бұл үндеуі әлеуметтік желіде жарияланды. Ол өз елінде құрылыс және тігін салаларында жұмысшылар жетіспей жатқанын баса айтады.

"Ресейде тігін саласында жұмыс істеп жүрген әпке-сіңлілер, сол секілді құрылыста жүрген аға-бауырлар Сіздерді Отанға - Қырғызстанға оралуға, осында жұмыс істеуге шақырамын. Қазіргі уақытта Қырғызстанда тігін және құрылыс салаларында жұмыс күші жетіспейді", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Президенттің баспасөз хатшысы Қырғызстандағы жалақы Ресейдегідей болады деп сендіреді.

"Әрине, жалақы Ресейдегідей болады. Ең бастысы - Отаныңызда, отбасыларыңыздың жанында жұмыс істеген жақсы емес пе? Келіңіздер, өз жерлеріңізде жұмыс істеңіздеп", - дейді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!