Тоқаев пен Си Цзиньпин Майра Мұхамедқызы мен Димаштың талантына тәнті болды

19:02, 3 шілде 2024

© Сурет: t.me/bort_01

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин қазақстандық әншілердің талантына тәнті болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы БортN1 Telegram-каналы хабарлады.

Майра Мұхамедқызы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2024 19:02

Сурет: t.me/bort_01

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2024 19:02

Сурет: t.me/bort_01

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге іскерлік бағыттағы бірқатар келіссөзден кейін әйгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы және қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген Димаш Құдайбергеннің өнерін тамашалап, бұлбұл Майра мен дүлдүл Димаштың талантына тәнті болды", - делінген жазбада.

Сонымен бірге әншілердің ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен қол алысқан фотосы да тарады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!