«Бірін-бірі таптаған». Үндістандағы діни шарада қаза тапқандар саны жүзден асты

22:30, 2 шілде 2024

© Сурет: видео скрині

Үндістандағы діни шарада қаза тапқандар саны жүзден асты. Елдің солтүстігіндегі Рати Бханпур ауылындағы ғибадатханалардың бірінде болған қайғылы оқиғада тағы 200-ге жуық адам зардап шеккен, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Басым көпшілігі — әйелдер мен балалар. Қалың қауым Үндістандағы атақты пірадардың уағызын тыңдауға жиналған. Мінажат етуге келгендердің көптігінен адамдарға ауа жетпей, апатап ыстықта шетінен құлай бастайды. Халық бірін-бірі таптап, сыртқа шыға алмай қалған.

Қазір жергілікті полиция қаза тапқандардың жеке басын анықтап жатыр. Ал билік мән-жайды жіті білу үшін арнайы комиссия құрыпты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!