Шымкенттегі базарда алты бірдей бутик өртенді
![](https://mail.kz/images/05ea0a9e6d7e014e03040bedb2f3162c-slider.jpg)
© Сурет: видео скрині
Шымкенттегі "Акбар" базарында 6 бірдей сауда бутигі өртеніп кетті. Сондай ақ, 2 автокөлік жартылай жанған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түнгі 02:35-те басталған қызыл жалын таңғы 5 шамасында ғана толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
"Акбар" базарының ауласында жалпы ауданы 400 шаршы метрді құрайтын 6 бутик және Mercedes спринтер автокөліктерінің артқы бөліктері жанған. Өрт сағат 04:14-те оқшауланып, 05:17-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрт электр қондырғыларының қысқа тұйықталуынан шығып отыр. Өртті ауыздықтауға департамент тарапынан 93 жеке құрам, 29 түрлі мақсаттағы техника, жедел құтқару жасағынан 4 қызметкер және 1 техника тартылды". Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Асқар Шәріп
Қазіргі таңда базар жабық тұр. Оқиғаға қатысты сауда орталығының басшылары қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Ал келтірілген залал мөлшері анықталып жатыр. Тауары күлге айналған саудагерлерге қандай көмек көрсетілетіні де әзірге белгісіз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:31, 4 шілде 2024
Қазығұрт шыңына шығып алып, өздігінен төменге түсе алмаған қария құтқарылды
-
22:22, 4 шілде 2024
Hamster Kombat ойыны: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір жаңа тәсілін тапты
-
21:57, 4 шілде 2024
Түрген шатқалына апаратын жол сел жүру қаупіне байланысты жабылды
-
21:37, 4 шілде 2024
Жекелей кездескен Тоқаев пен Бердімұхамедов не туралы сөйлесті
-
21:21, 4 шілде 2024
Алматы облысында су тасуы мүмкін