Астанада ауа райына байланысты отшашу ертерек басталуы мүмкін

19:17, 3 шілде 2024

© Сурет: Астана әкімдігі

Ауа райына байланысты Астана күні мен ШЫҰ саммиті қарсаңында ұйымдастырылған отшашуды (3 шілде) іске қосу жарты сағат бұрын басталуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Осылайша, отшашуды іске қосудың болжамды уақыты 21:30-дан 22:30-ға дейін болады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботаникалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет", - делінген хабарламада.

Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде "Ұлытау" скверінің аумағынан байқауға болады. Отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған.

Еске салайық, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында Open Air мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарланыа отыр. Дрондар шоуының өту уақыты шамамен сағат 22:15-те (22:30).

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!