«Ақорда» резиденциясында Си Цзиньпинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

11:02, 3 шілде 2024

© Сурет: akorda.kz

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді "Ақорда" резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің кортежін өзі күтіп алды.

"Ақорда" резиденциясында Си Цзиньпинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2024 11:02

Сурет: akorda.kz

Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары Қытай туымен түстес қызыл, сары жолақ із қалдырып, ұшып өтті.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

"Ақорда" резиденциясында Си Цзиньпинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2024 11:02

Сурет: akorda.kz

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!