Электрлік скейтбордпен баланы қаққан ақтаулық жарты жылға сотталды

21:52, 2 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

Ақтау қалалық сотында М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 114-бабының 3-бөлігімен, яғни абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiргені үшін айып тағылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Cотталушы М. 17.04.2024 жылы, сағат 18.00 шамасында 6-мөлтек аудан, №36 үйдің жанында, жаяу жүргіншілерге арналған жолақта, электрлік скейтбордын басқарып, техникалық талаптарды сақтамай, кәмелет жасқа толмаған жәбірленуші Б.-ны қағып, нәтижесінде оның денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтiрген". Маңғыстау облыстық соты

Прокурор М.-ды абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiргені үшін кінәлі деп танып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленушінің өкілі сотталушы М.-ді заңға сәйкес жауапкершілікке тартуды сұрады.

Сотталушы М. өзінің кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің және кінәні мойындау туралы сотталушының жауаптарымен, өзге де іс-құжаттарымен дәлелденді.

Сонымен қатар, сотта жәбірленушінің заңды өкілінің сотталушыны заңға сәйкес қатаң жаза қолдануды, себебі жәбірленушінің жабық бассүйек-ми жарақаты, күмбез сүйегінің сынуы, ми шайқалу жарақаттары келгенін, пікірі ескерілді.

"Сот М-ге жаза тағайындау барысында қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай ретінде оның кінәсін мойындап, шың көңілімен өкінетінін, ал жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқ екенін ескеріп, сотталушы М.-ды ҚК-тің 114-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады". Маңғыстау облыстық соты

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!