Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді

18:41, 3 шілде 2024

© Фото: zakon.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді

Кездесуде Мемлекет басшысы ШЫҰ-ның Астана саммитіне қатысуға шақыруын қабыл алғаны үшін БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерриштің сапары Қазақстан мен БҰҰ арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Сіздің Астанаға сапарыңыз және ШЫҰ саммитіне қатысуыңыз Қазақстан мен БҰҰ арасындағы тығыз қарым-қатынастың жарқын белгісі саналады. Бұл біздің БҰҰ қызметіне атсалысып жатқанымызды көрсетеді. Қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан және мен де Мемлекет басшысы ретінде БҰҰ-ның жұмысын жан-жақты қолдаймыз", - деді Президент.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!