Референдумның түпкілікті нәтижелері: 5,5 миллионнан астам қазақстандық АЭС салуға дауыс берді
© Сурет: Zakon.kz/Мадина Мамырханова
2024 жылғы 8 қазанда Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтардың атом электр стансасын салу жөніндегі референдумдағы дауыс беру нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Референдум бойынша Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, референдумда дауыс беруге құқығы бар 12 284 487 адамның 7 820 204-і, яғни 63,66 пайызы дауыс берген.
"Референдумға қойылған мәселенің оң шешілуіне дауыс берген азаматтардың саны 5 млн 561 мың 937 адамды немесе 71,12 пайызды құрады", — деді Нұрлан Әбдіров.
2024 жылдың 6 қазанында Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша референдум өтті. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтардың дауыс беруінің алдын ала нәтижелерін жариялаған болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысын халықаралық консорциум жүргізуі керек деп санайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:45, 8 қазан 2024
Астаналық курьер тұрғынның велосипедін қолды қылған
-
18:33, 8 қазан 2024
Ақмолада полицейлер қауіпті өрттің алдын алды
-
18:15, 8 қазан 2024
Әбиба Әбужақынова Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатыспақшы
-
17:59, 8 қазан 2024
Қазақстан мен Венгрия парламенттерінің басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
-
17:43, 8 қазан 2024
Абай облысында өрт сөндірушілер мен орманшыларға ескерткіш ашылды