Ақмолада полицейлер қауіпті өрттің алдын алды

© Сурет: polisia.kz
Қорғалжын ауданы ТЖБ азаматтық қорғау бастығы А. Қапышев, Қорғалжын ауданы полиция бөлімі бастығының м.у.а. Д. Қуанышевтың атына полиция қызметкерлерін марапаттау туралы ұсыныс хат жолдады. Бұған 6 қазанда Қорғалжын ауылында болған оқиға себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция бөлімі бастығының орынбасары Бекзат Хайрулин және кезекші инспектор Кенжебек Қаратаев қызметтен сағат 21:15 шамасында үйіне қайтып келе жатып, өртеніп жатқан қоқысты байқады. Жағдайдың ауырлығын бағалай отырып, өрт ошағынан бір метр қашықтықта орналасқан қора мен шабындыққа көшуі мүмкін болғандықтан полицейлер дереу иелеріне және өртке қарсы қызметке хабарлап, өздері сөндіруге кірісті.
Азаматтық қорғау бастығының пікірінше, жедел қабылданған шаралардың арқасында құқық қорғау органдары мүлікті сақтап қалды. Егер өрт шаруа ғимараттарына ауысса, апаттың ауқымын бағалау қиын.
Полицейлер атап өткендей, белгіленбеген жерде үлкен көлемді көше қоқысы үшін айыппұл салынады. Сондықтан тәртіп сақшылары заңда белгіленген өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тұрақты негізде профилактикалық әңгімелер жүргізеді.
"Біздің сонда болғанымыз жақсы болды. Егер кешіксек өрт үлкен шығынға алып келер еді. Бірақ бәрі сәтті аяқталғаны жақсы", – деп бөлісті тәртіп сақшысы Бекзат Хайрулин.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:11, 12 мамыр 2025
«Көз тигеннен тазалау». Ақмола облысында алаяқтық құрбаны полиция көмегіне жүгінді
-
22:52, 12 мамыр 2025
Алматы тауларында Вьетнамнан келген турист жоғалып кеткен
-
22:44, 12 мамыр 2025
«Жаңбыр және аптап ыстық». Синоптиктер еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады
-
21:43, 12 мамыр 2025
«Саусағын кесіп алып, тоңазытқышта сақтаған». Жігітін қинаған бойжеткен полиция назарына ілікті
-
21:22, 12 мамыр 2025
«Бүгінгі таңым, әсте кофе ішуден басталмады». Танымал әншінің үйі өртенді