ТМД елдерінің сыртқы істер министрлері бірқатар құжаттарды өзара келісті
© Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Олар 8 қазанда өтетін ТМД саммиті барысында мемлекет басшыларының қарауына ұсынылады. 2024 жылы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара барысында қатысушылар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, Достастыққа қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылының жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары бірқатар шешімдер мен саяси мәлімдемелер, оның ішінде Еуразиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастық және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзара іс-қимыл туралы мәлімдемелер қабылдады.
2010 жылғы 10 желтоқсандағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама және Достастық елдерінің қылмыстық-атқару қызметтері үшін кадрларды даярлау туралы келісім бекітілді.
Кездесу қорытындысы бойынша министрлер 8 қазанда Мәскеуде өтетін ТМД саммиті барысында мемлекет басшыларының қарауына ұсынылатын құжаттардың жобаларын келістірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:46, 7 қазан 2024
2025 жылғы Дэвис Кубогы: Қазақстан құрамасы Пәкістанмен бақ сынасады
-
22:28, 7 қазан 2024
Ақтөбе облысының прокуроры есірткі қылмысының алдын алу шараларының тиімсіз екенін айтты
-
21:51, 7 қазан 2024
«Автомобилист» сегіз минут ішінде қақпаға үш шайба салып, «Барыстың» қолынан жеңісті жұлып алды
-
21:37, 7 қазан 2024
Атырауда мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды
-
20:57, 7 қазан 2024
Дзюдодан Grand Slam халықаралық турниріне кімдер қатысатыны белгілі болды