Алматы тұрғындары алаяқтарға 12 миллиард теңгеден астам ақша берген

13:10, 8 қазан 2024

© Сурет: Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі

Алматы полициясының басшысы Арыстанғани Заппаров қалалық қоғамдық кеңесте 2024 жылдан бері мегаполисте 6 мыңнан астам алаяқтық тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салдарынан тұрғындарға 12 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.

Сонымен бірге, Алматы полициясының басшысы атап өткендей, қабылданған шаралар интернет-алаяқтықты 14,5%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

"Зияткерлік меншік құқықтарын бұзумен байланысты қылмыстардың алдын алу мен күресті күшейтуге бағытталған жұмыстар атқарылды. Жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында полицейлер негізгі критерийлер бойынша халықпен жұмыс жүргізуде – бұл, ең алдымен, халықтың құқықтық сауаттылығы, БАҚ деңгейінде қолжетімді және түсінікті ақпараттық жұмыс, көшелерде, қоғамдық орындарда, алаяқтықтың түрлері мен әдістері туралы жарнамалық буклеттер. Сондай-ақ, алаяқтықтың жаңа түрлері, олардың жасалу жолдары және алдын алу шараларының дер кезінде қабылдануы қадағалануда", — деді, Арыстанғани Заппаров.

Спикердің айтуынша, қаладағы сауда орталықтары мен супермаркеттерде интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша плакаттар ілініп, қаланың орталық көшелеріндегі электронды билбордтарда интернет-алаяқтықтың әдістері мен түрлері туралы ескертпе бейнероликтер көрсетілуде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!