Президентке KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 халықаралық технологиялық көрмесін аралап көрді.
Бұл әлемде цифрлық технологиялар мен инновациялар саласы бойынша ең ірі платформалар қатарындағы GITEX жаһандық экожүйесінің бір бөлігі саналады.
Мемлекет басшысына Al-Farabium суперкомпьютерінің мүмкіндіктері мен оның базасында іске асырылған ондаған жобалар, соның ішінде "Қазақтелеком" АҚ байланыс орталығының тұтынушылар шағымын оператордың қатысуынсыз өңдейтін ЖИ-ассистенті таныстырылды.
Бұл цифрлық шешім қоңырауды заңды тұлға немесе алаяқ шалғанын анықтап, оны антифрод колл орталыққа жібереді, осылайша, құқық қорғау органдарына ақпарат беруге көмектеседі.
Сондай-ақ Президентке банк жүйесіндегі жобалар жөнінде мәлімет берілді. Олар реттелетін, ашық және ауқымды цифрлық активтер экожүйесін құруға, инфрақұрылымды (крипто хаб) дамытуға және халық пен бизнеске қызметтердің толық спектрін ұсынуға бағытталған.
Цифрлық активтер нарығын дамыту аясында Қазақстан қор биржасында (KASE) токен түрінде қаржы құралдарын шығару қарастырылып жатыр.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді.
Атап айтқанда, KEDEN бірыңғай цифрлық платформасы кедендік бақылау үдерісін оңтайландыруға және жетілдіруге, сауда барысы мен шекарадан өтуді жеңілдетуге арналған.
Ал SmartCargo – кеден, көлік, Ішкі істер министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, фармацевтикалық және сауданы реттеу сервистерін біріктіретін логистикалық қызметтердің бірегей цифрлық терезесі.
National Road Geoportal (KazMaps) мониторинг пен инфрақұрылымға арналған Қазақстан автожолдарының цифрлық картасын ұсынады.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Алматы қаласының ІТ экожүйесімен және білім беру, маман даярлау, балалар қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіп пен жол-көлік қозғалысын бақылау секілді цифрлық шешімдермен танысты.
Сонымен қатар Президент Орталық Азиядағы балаларға арналған алғашқы ғылыми музейді аралады.
GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 көрмесіне 600-ден аса халықаралық компания, соның ішінде Cisco, Cloudflare, Google Cloud, Huawei, Dell, H3C Technologies, Lenovo, Trend Micro, Hikvision, HP, Noventiq, Redington, Salesforce, Vertiv және басқа да әлемдік технология көшбасшылары қатысуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:13, 4 мамыр 2026
Қазақстанда мерекелер мен атаулы күндерге арналған біржолғы төлемдердің ең төменгі мөлшері белгіленді
-
17:59, 4 мамыр 2026
Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы
-
17:45, 4 мамыр 2026
Газдалған сусынды жиі ішу қандай қауіп төндіреді - мамандар кеңесі
-
17:34, 4 мамыр 2026
«Ұрып-соғып, шашымды тақырлап алып тастады»: Ресейлік әйел ұлын әкесі алып кеткенін айтып, көмек сұрауда
-
17:16, 4 мамыр 2026
FlyArystan рейстерінде 7 мамырдан бастап power bank тасымалдау ережелері өзгереді: жолаушылар нені білуі керек





