«Ұрып-соғып, шашымды тақырлап алып тастады»: Ресейлік әйел ұлын әкесі алып кеткенін айтып, көмек сұрауда
© Сурет: freepik
Ресей азаматы Қазақстанның құқық қорғау органдарына жүгініп, көмек сұрады. Ол Алматыдан әкесі алып кеткен үш жасар ұлын қайтарып беруді өтінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйел өз жанайқайын әлеуметтік желіде жариялаған. Оның айтуынша, сәуір айының басында ол ұлын әкесімен кездестіру үшін Алматыға келген. Сондай-ақ ол баланың әкесімен ешқашан некеде болмағанын атап өтті.
Әйелдің сөзінше, бастапқыда бәрі жақсы болған. Алайда қайтар алдындағы соңғы күні ер адам оның телефонын тексеріп, жеке хаттарын оқи бастаған.
"Ол мені анасы мен әпкесінің көзінше аяусыз ұрып-соқты. Көпшіліктің алдында мені өлтіргісі келді. Сондай-ақ шашымды тақырлап алып тастады", – дейді жәбірленуші.
Оның айтуынша, өзін 10 күн бойы еркінен тыс ұстап отырған:
"Тірі қалу үшін бәріне келісуге тура келді. 22 сәуірде мені босатты, бірақ ұлымды кепілде қалдырып, полицияға жүгінбеу шартын қойды",- дейді әйел.
Zakon.kz тілшісі осы оқиғаға байланысты Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен пікір алды. Онда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.
"Қазіргі уақытта тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Өтініште көрсетілген барлық уәждер мен мән-жайлар мұқият тексерілуде. Тергеу барысы бақылауда", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ тергеу нәтижесі бойынша тиісті құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатыны атап өтілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:29, 4 мамыр 2026
Қазақстанда ҚҚС бойынша жаппай хабарламалар жіберілуде: бизнес не істеуі керек және салдары қандай
-
19:15, 4 мамыр 2026
Қытайда бірден үш қаланы қосқан 55 шақырымдық алып құрылыс салынды
-
18:57, 4 мамыр 2026
Алматы облысында стенд атудан Әлем кубогының кезеңі басталды
-
18:41, 4 мамыр 2026
Астанада полиция пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады
-
18:28, 4 мамыр 2026
Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында Арина Соболенконы басып озды





