Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы

17:59, 4 мамыр 2026

© Фото: pexels

Синоптиктер 2026 жылғы 5 мамырда Қазақстан аймақтарында қандай ауа райы күтілетіндігін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпарға сүйенсек, түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Абай облысының батысында, орталығында топырақ бетінде 1-2 градус үсік күтіледі.

"Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклон және атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа-райы күтіледі, найзағаймен жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл, батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Тек еліміздің шығысында және орталығында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

"Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде шаңды дауылмен, батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Сондай-ақ:

  • Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында, солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, Жетісу облысының орталығында өрт қаупі жоғары күтіледі.
  • Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, солтүстік-батысында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
  • Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Бұған дейін 2026 жылғы 5–7 мамыр аралығындағы Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы қандай болатындығын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!