Ақтауда полицейлер көңіл көтеруге арналған газды заңсыз сақтаудың жолын кесті

10:20, 4 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Ақтау қаласының патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, тексеру жүргізді.

Тексеру кезінде көлік салонынан көлемі 10 литр болатын екі баллон анықталды.

Аталған баллондарда азот тотығы – халық арасында "көңіл көтеретін газ" немесе "шарик газы" деп аталатын зат болған.

Аталған дерек бойынша Ақтау қаласының полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. 28 және 39 жастағы екі күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!