Президент «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Магановты қабылдады

19:04, 21 ақпан 2024

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы туралы мәлімет берілді.

Атап айтқанда, "Татнефть" Атырау облысында бутадиен және одан өнім өндіруге бағытталған мұнай-газ химиясы саласындағы стратегиялық инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Аталған кәсіпорын "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясымен Қазақстанның батыс өңіріндегі көмірсутегі қорларын барлау және өндіру жобалары аясында ынтымақтастық орнатқан. Бұдан бөлек, "Татнефть" қатты пайдалы қазбалар кенін бірлесе игеру ісіне атсалысып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Татнефть" компаниясының Қазақстанда мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібін дамыту жөніндегі бастамаларын жоғары бағалап, аталған кәсіпорын еліміздің энергетика саласындағы стратегиялық серіктестердің бірі екенін атап өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!