Қазақстан Вашингтон моделі негізінде БҰҰ аясында жасанды интеллектіні реттеуді қолдайды
© Фото: akorda.kz
Қазақстан жасанды интеллектіні енгізуде ғылым мен білімге басымдық береді. III Стратегиялық серіктестер форумында Тоқаев елімізде осы саладағы зерттеулерге маманданған алғашқы университет жұмысын бастағанын және студенттерге арналған AI-Sana бағдарламасы қолға алынғанын айтты.
"Зерттеуші ғалымдарымыз KazLLM және AlemLLM деп аталатын ұлттық тіл модельдерінің басты элементтерін жасап шығарды. Биыл қазан айында Qazaq AI Research University жұмысын бастады. Бұл – еліміздегі жасанды интеллект зерттеулеріне маманданған алғашқы білім ордасы", – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, AI-Sana бағдарламасы студенттердің жасанды интеллект саласындағы дағдыларын қалыптастыруға, технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға және DeepTech-стартаптарды қолдауға бағытталған.
Тоқаев 2026 жылды "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы" деп жариялағанын еске салды. Оның сөзінше, Қазақстан жасанды интеллектіні барлық салаға енгізуге кірісті. Елімізде "Жасанды интеллект туралы" заң қабылданып, Цифрлық кодекс бекітілді. Сондай-ақ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды.
"Біз Жасанды интеллектіні қауіпсіз жолмен әрі жауапкершілікпен дамытуды көздейтін "Вашингтон моделін" қолдадық. Ол БҰҰ аясында жасанды интеллектіні реттеудің жаһандық ережелерін әзірлеуге негіз болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:58, 19 қараша 2026
Стратегиялық әріптестер форумы аясында БҰҰ университетінің өңірлік филиалын ашу туралы келісімге қол қойылады
-
13:50, 19 қараша 2026
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдадым – Президент
-
13:45, 19 қараша 2026
Қазақстан барлық жетекші университеттермен өзара тиімді әріптестікті нығайтуды көздейді – Президент
-
13:45, 19 қараша 2026
Тоқаев: Қазақстан барлық елмен зияткерлік байланысты ұлғайтуға ұдайы баса мән береді
-
13:45, 19 қараша 2026
М.Ломоносов атындағы ММУ филиалы Қазақстанда 25 жылдан бері студенттер қабылдап келеді – Тоқаев





