Президент Мақпал Жүнісова, Татьяна Бурмистрова және Марина Ганцеваға жоғары награда тапсырды
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер саласының бірқатар өкілін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы шешім қабылдағанын айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық өнерді дәріптеуге ұзақ жылдар бойы еңбек сіңірген азаматтардың еңбегі жоғары бағаланатынын атап өтті.
"Бүгін төл мәдениетіміздің өрісін кеңейтіп, халқымыздың рухани дүниетанымын байыту жолында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматты жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы шешім қабылдадым", – деді Президент.
Мемлекет басшысы қазақтың дәстүрлі өнерін насихаттап жүрген әнші әрі домбырашы Татьяна Бурмистрова "Отан" орденімен марапатталғанын айтты.
"Татьяна Николаевна Бурмистрова жарты ғасырға жуық уақыт бойы қазақтың дәстүрлі өнерін белсенді түрде кеңінен дәріптеп, жас дарындарға үлгі-өнеге көрсетіп жүр. Бүгін мен Татьяна Бурмистроваға ең жоғары "Отан" орденін беру туралы Жарлыққа қол қойдым", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Мақпал Жүнісова II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды. Ал Марина Ганцева III дәрежелі "Барыс" орденіне ие болды. Президент оның Қазақстан мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы кәсіби мереке күні бірнеше өнер қайраткеріне "Қазақстанның халық әртісі" атағы берілетінін жеткізді. Президенттің сөзінше, биыл елімізде 120 мәдениет және өнер қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болады.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ мәдениеті түркі өркениетінің ажырамас бөлігі екенін айтты. Президент биыл мемлекеттік наградалар қатарына Qoja Ahmet Yasaui ордені енгізілгенін еске салды.
"Бұл марапат Қазақстанның дамуына айрықша еңбек сіңірген еліміздің және шетелдің белгілі ғалымдарына, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне берілетін болды", – деді Мемлекет басшысы.
Президент аталған орденнің алғаш рет Режеп Тайип Ердоған мен Одрэ Азуле табысталғанын айтты. Оның сөзінше, Одрэ Азуле Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, әсіресе Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бойынша жұмыстарға белсенді атсалысқан.
Сонымен қатар Президент мәдениет және өнер қайраткерлерін әлеуметтік қолдау жалғасатынын жеткізді.
"2024 жылдан бастап осы күнге дейін мәдениет және өнер қайраткерлеріне жалпы саны 200 пәтер берілді. Бұл игі үрдіс міндетті түрде өз жалғасын табады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:27, 21 мамыр 2026
Қазақстанда нотариустардың жауапкершілігі күшейтіледі – заң жобасы қабылданды
-
15:19, 21 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мәдениет қайраткерлерін марапаттады: толық тізім
-
15:03, 21 мамыр 2026
Алматыда бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейтілді
-
14:56, 21 мамыр 2026
Алакөлдегі қауіпсіздік күшейтілді: полиция туристік маусымға дайын
-
14:46, 21 мамыр 2026
ШҚО-да полицейлер зейнеткерді интернет-алаяқтардан құтқарып қалды





