Алматыда бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейтілді
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2026 жылдың басынан бері Алматыда шағын және орта бизнес нысандарының атмосфералық ауаға бөлетін зиянды шығарындыларына бақылау күшейтілді. Бұл туралы "Eco Almaty" ЖШС өкілдері айтты.
Кәуапханалар, монша кешендері, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу орындары, дөңгелек жөндеу орындары мен экологияға әсер етуі мүмкін өзге де нысандар күнделікті бақылауға алынды.
Мамыр айында табиғатты қорғау қызметінің мамандары 287 нысанды тексерген. Бақылау барысында шығарындылар көздері, сүзгі және газ тазарту жүйелерінің болуы, сондай-ақ санитарлық және экологиялық талаптардың сақталуы назарға алынған.
Әсіресе, қоғамдық тамақтану орындарына ерекше көңіл бөлінген. Тексерілген 160 мекеменің 11-інде сүзгі орнатылған, 7 нысан электрмангал қолданады, ал тағы 3-еуі газ жүйесіне қосылған. Қалған кәсіпорындарда тазарту құрылғыларын орнату жыл соңына дейін жүзеге асырылмақ.
Тексеру жұмыстарымен қатар кәсіпкерлерге атмосфералық ауаны қорғау талаптары мен қоршаған ортаға келетін зиянды азайту жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 21 мамыр 2026
50 жасқа дейінгі ер азаматтарды мобилизациялау: Қорғаныс министрлігі ұсынысқа пікір білдірді
-
16:13, 21 мамыр 2026
Алатауда аэротакси қашан іске қосылуы мүмкін
-
16:09, 21 мамыр 2026
Қорғаныс министрлігі Қайрат Сатыбалдыға қатысты ақпаратты жоққа шығарды
-
15:54, 21 мамыр 2026
21 мамырдағы саудада доллар бағамы тағы аздап төмендеді
-
15:43, 21 мамыр 2026
Тоқаев ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасарын жаңадан тағайындады





