Президент Кувейт Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен Кувейт халқын төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады.
"Бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен еліңіз болашақта өсіп-өркендеп, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Біз Кувейтті Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Берік достық пен өзара сенімге негізделген әріптестігіміз бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қарқынды дами түсетініне кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта.
Президент Кувейт Әмірінің аса жауапты қызметі мен барлық бастамаларына мол табыс, ал бауырлас Кувейт халқына құт-береке тіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:12, 26 қаңтар 2025
Юлия Галышева фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленді
-
17:44, 25 қаңтар 2025
«Тұман, боран, көктайғақ». Синоптиктер Алматы мен еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жариялады
-
17:23, 25 қаңтар 2025
Астанада Тарихшылардың ұлттық конгресінің форумы өтті
-
17:12, 25 қаңтар 2025
Жетісу облысында тауға аттанып, жоғалып кеткен үш адамды іздеу үшін тікұшақ көкке көтерілді
-
16:28, 25 қаңтар 2025
«Алматы Аренадағы» өртті сөндіру кезінде төрт бала құтқарылды