Президент кітап оқу мәдениетін дамыту қаншалықты өзекті екеніне тоқталды
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент қоғамда кітап оқу мәдениетін насихаттау туралы ой қозғап, мемлекеттің осы бағытта қолға алған бастамалары жөнінде айтты.
"Кітап оқу өркениетті қоғам құрып, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы деп айтсақ, артық болмайды. Сондықтан біз ел ішінде, әсіресе, жастар арасында кітап оқу мәдениетін кеңінен дәріптеуіміз керек. Мен өткен аптада Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы арнайы Жарлыққа қол қойдым. Осы маңызды құжаттың негізгі мақсаты – ұлт сапасын арттыру, яғни, адам капиталын дамыту, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайту. Үкіметке осы бағыттар бойынша нақты шараларды іске асыруды, соның ішінде кітапхана және кітап шығару ісін заң тұрғысынан қамтамасыз етуді тапсырамын. Сонымен қатар "Зерделі ұлт" тұжырымдамасы бекітіледі, "Жылдың он оқырманы" республикалық жобасы өткізілетін болады. Баршаға қолжетімді Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады. Басқа да тың бастамалар жүзеге асырылады. Бұл жұмысқа тұтас қоғаммен бірге мәдениет саласының қызметкерлері, әсіресе, кітапханашылар, баспагерлер белсене атсалысады деп ойлаймын. Сонымен бірге мен жақында еліміздің орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. Меніңше, бұл – шын мәнінде аса өзекті және қажетті қадам. Қазіргі технология дәуірінің қарқыны өте жылдам. Сондықтан мұндай маңызды шешімді дер кезінде қабылдамасақ, жастарымыз дамудың даңғыл жолына түсе алмай, артта қалып қоюы мүмкін. Ал бұл мемлекетіміздің келешегі үшін аса қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Біз, әрине, ондайға жол бермейміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы алдымызда Әділетті, Таза, Мәдениетті, Өркениетті, түптеп келгенде, Озық ойлы Қазақстанды құру міндеті тұрғанын еске салды.
"Біз мұның аса жауапты әрі өте күрделі міндет екенін жақсы түсінеміз. Халқымыз "Әрекет түбі – берекет" деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, озық және нағыз дамыған ел боламыз десек, ең алдымен, қоғамда жаңа мәдениет қалыптастыруымыз қажет. Еңбекқорлық, білімпаздық, жасампаздық, жанашырлық, отаншылдық қасиеттерін өскелең ұрпақтың бойына сіңіруіміз керек. Мұның бәрін күнделікті қажырлы еңбекпен, нақты іспен көрсетуіміз қажет. Заң мен тәртіп қағидаты мәдениеті жоғары қоғамда ғана берік орнығады. Бұл – ақиқат. Осы маңызды жұмысқа Сіздер де елеулі үлес қосып жүрсіздер, болашақта да солай болады деп сенемін", – деді Президент.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев өнерпаздарға берілетін стипендия өсетінін мәлімдеген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:27, 21 мамыр 2026
Қазақстанда нотариустардың жауапкершілігі күшейтіледі – заң жобасы қабылданды
-
15:19, 21 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мәдениет қайраткерлерін марапаттады: толық тізім
-
15:03, 21 мамыр 2026
Алматыда бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейтілді
-
14:56, 21 мамыр 2026
Алакөлдегі қауіпсіздік күшейтілді: полиция туристік маусымға дайын
-
14:46, 21 мамыр 2026
ШҚО-да полицейлер зейнеткерді интернет-алаяқтардан құтқарып қалды





