Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдады

© Сурет: akorda.kz
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай дипломатиясының әлемдік саясатта аса маңызды рөл атқаратынына тоқталды.
Оның айтуынша, Қытайдың бастамалары жаһандық күн тәртібіне ықпал етеді және халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға елеулі үлес қосады. Мемлекет басшысы Қытайды тауар өндіру және экспорттау, технологиялық инновация, экономикалық өсім, халықаралық инвестиция және басқа да көптеген салада мойындалған көшбасшы ел ретінде атап өтті.
Президент БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдар аясындағы қазақ-қытай қатынастарына жоғары баға берді.
"Қазақстан Қытайдың сенімді серіктесі және солай болып қала береді. Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Шын мәнінде, екі ел арасындағы байланыстар мен ынтымақтастықтың болашағы зор", – деді Президент.
Министр Ван И қазақ жерінде құрмет көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ізгі тілегін жеткізді.
Кездесуде сауда-экономикалық, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективалары, сондай-ақ үкіметаралық қатынастарды кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге сәлемін жолдап, оның Астанаға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына үлкен үміт артатынын жеткізді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:20, 9 ақпан 2025
27 градусқа дейін аяз, бұрқасын мен тұман: Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жасалды
-
16:56, 9 ақпан 2025
Алматыда көшенің қақ ортасында көлік өртеніп кетті
-
16:15, 9 ақпан 2025
Алматыда қоймадан өрт шықты
-
15:56, 9 ақпан 2025
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты
-
14:38, 9 ақпан 2025
Ақтөбе облысында 13 ірі қара мал тиелген көлік қар құрсауында қалып қойды