Президент депутаттарды халыққа адал қызмет етуге шақырды

13:08, 3 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 3 қазанда барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының 2-ші республикалық форумында сөйлеген сөзінде халық сенімінің мандатына депутаттардың жауапкершілігін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол мәслихат депутаттары ерекше сенім мандатын иеленетінін еске салды.

"Мәслихат депутаттары – айрықша сенім мандатының иесі. Тұрғындар сіздерді жақсы біледі. Ой-пікірін өздеріңізге тікелей жеткізеді. Мәселесін шешуге көмектеседі деп үміт артады. Осы жауапкершілікті терең сезініп, халыққа адал қызмет ету керек." Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент "Ашық аспан астындағы бейбіт өмір – басты байлығымыз" деп атап көрсетті.


"Әлемдегі ахуалды көріп отырсыздар. Ең бастысы, еліміз тыныш, жұртымыз аман. Әрине, түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін. Бірақ татулық пен келісім болса, біз оның бәрін міндетті түрде еңсереміз. Ашық аспан астындағы бейбіт өмір – ең басты байлық. Мен қастерлі Отанымыздың болашағы жарқын екеніне кәміл сенемін. Түптеп келгенде, бәріміздің мақсатымыз, мүддеміз – бір. Бұл – Әділетті Қазақстанды құрып, халықтың әл-ауқатын арттыру. Осы міндетті абыроймен атқарасыздар деп ойлаймын. Депутаттар форумы келешекте дәстүрге айналып, тұрақты түрде өткізілуі керек. Форум жұмысына табыс тілеймін!". Мемлекет басшысы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!