Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатында қалай өнер көрсетіп жатыр
© Сурет: olympic.kz
Өзбекстан астанасы Ташкентте үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары командалық жарыста алғашқы кездесулерін өткізіп, ширек финалға жолдама алу үшін күресті жалғастырып жатыр.
Ерлер құрамасы топтық кезеңді сәтті аяқтап, екі рет жеңіске жетті. Алғашқы кездесуде отандастарымыз Филиппин құрамасын 3:0 есебімен ұтса, одан кейін Шри-Ланкадан 3:1 есебімен басым түсті. Осы нәтижелердің арқасында Қазақстан құрамасы 1 топта бірінші орын алды.
Енді ширек финалға шығу үшін қазақстандық үстел теннисшілеріне плей-офф кезеңінде тағы екі кездесуде жеңіске жету қажет.
Ал әйелдер құрамасы алғашқы матчта Мальдив командасын 3:0 есебімен жеңді. Алайда екінші кездесуде Иран құрамасына 2:3 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы үшінші топта екінші орынға тұрақтады. Енді үздік сегіз команданың қатарына қосылу үшін плей-офф кезеңінде қатарынан үш кездесуде жеңіске жетуі керек.
Айта кетейік, ерлер және әйелдер арасында Азияның ең үздік алты құрамасы ширек финалға тікелей жолдама алды. Қалған командалар ширек финалға берілетін екі бос орын үшін топтық кезең мен плей-оффта бақ сынап жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:02, 20 қазан 2026
Алматыда ПИК төрағасы 15 мың тұрғынның жерін заңсыз сатқан
-
19:48, 20 қазан 2026
Almaty Open: Нұрланұлы мен Бублик жұбының матчын көрермендер тік тұрып тамашалады
-
19:35, 20 қазан 2026
Шымкентте екі баланың жұмбақ өлімі тергеліп жатыр
-
19:19, 20 қазан 2026
Еліміздегі екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебе берілді
-
19:06, 20 қазан 2026
2027 жылы қазақстандықтардың өмірі едәуір жеңілдеуі мүмкін





