Полицейлер Шахтинск тұрғынына ерекше сый жасады

17:00, 31 желтоқсан 2024

© Фото: Zakon.kz

Жаңа жыл қарсаңында Шахтинск қаласының полиция бөлімінің көші-қон қызметі қала тұрғынына ерекше сый жасады. 40 жастағы ер адам өмірінде алғаш рет жеке куәлік алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысында көші-қон қызметі құқықтық мәртебесі анықталмаған азаматтардың мәселелерін шешу бағытында белсенді жұмыс істеп келеді.

Бұл жұмыс халықты есепке алу, көші-қон бақылауын жақсарту және азаматтарды әлеуметтік интеграциялау тұрғысынан маңызды рөл атқарады.

"2024 жылы қызмет айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді: қарауға ұсынылған 22 істің ішінен 14 адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алып, құжаттандырылды. Бұл көрсеткіш қызметкерлердің жоғары кәсібилігін және табандылығын дәлелдейді",- делінген ақпаратта.

Олар ақпараттың жетіспеушілігі, қаржылық қиындықтар мен түрлі кедергілерді жеңуге көмек беріп, азаматтарды қолдап келеді. Әсіресе, Шахтинск тұрғынының ұзақ жылдар бойы құжатсыз өмір сүрген жағдайы ерекше назар аударады.Полиция қызметкерлері барлық қажетті құжатты жинап, рәсімдерді заңды түрде аяқтауға көмектескен.

"Нәтижесінде ер адам алғаш рет жеке куәлікке қол жеткізіп, заңды жұмысқа орналасу, әлеуметтік өмірге араласу сияқты жаңа мүмкіндіктерге ие болды",- деп мәлімдеді ІІМ.

Шахтинск тұрғынының оқиғасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсібилігі мен адамгершілігінің айқын дәлелі саналады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!