Полицей Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдегері атанды

11:38, 10 қыркүйек 2024

© Сурет: polisia.kz

Астана қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Ұлытау облысы полиция департаментінің қызметкері Асылмұрат Бірімжан мас-рестлингтен қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицей 65 келі салмақта додаға түсіп, моңғолиялық спортшыны 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Полицей Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2024 11:38

Сурет: polisia.kz

Асылмұрат Ұлытау ауданы Шеңбер ауылында дүниеге келген.

Полицей Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2024 11:38

Сурет: polisia.kz

Жұбайы екеуі бір ұлды тәрбиелеп отыр. Жастайынан спортты жанына серік етіп, түрлі жарыстарда жеңіске жеткен.

Бұған дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан медальдар кестесінде көш бастап тұрғаны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!