Пхукеттегі Қызыл шамдар ауданында туристі өлімші етіп соққыға жығып кеткен

10:47, 27 ақпан 2026

© Сурет: pixabay

Таиландта британдық турист қаза тапты. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Express басылымының жазуынша, 57 жастағы Ливерпуль тұрғыны Алан Роджер Джоллифф сәрсенбі күні кешке Пхукеттегі Прачанукра көшесімен келе жатқанда бір топ ер адаммен жанжалдасып қалған.

"Австралия азаматтығы да болған турист бетінен соққы алған, салдарынан жерге құлап түскен. Шабуыл жасағандар оқиға орнынан шамамен жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де, аралдағы атышулы "Қызыл шамдар" ауданына жақын маңда қашып кеткен",- делінген ақпаратта.

Дәрігерлер жедел түрде жеткенімен, туристі аман алып қалу мүмкін болмаған.

Күдікті адам өліміне әкелген шабуыл жасады деген айыппен қамауға алынды.

Бұған дейін Бразилияда туристер толы кеме суға кеткенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!