Астанада ауа райының нашарлауына байланысты оқушылар қашықтықтан оқуға көшті

11:27, 27 ақпан 2026

© Фото: pexels

Бүгін, 2026 жылғы 27 ақпанда Астанада кейбір екінші ауысымдағы оқушылар онлайн-оқытуға жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Себеп – қолайсыз ауа райы.

"Ауа райының нашарлауы (температураның төмендеуі) байланысты 27 ақпан 2026 жылы 0-9 сыныптардың екінші ауысымдағы оқушылары қашықтық форматқа көшеді", – деп хабарлады жұма күні Астана Білім басқармасы.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен студенттер де қашықтықтан оқытуға ауыстырылған еді.

Астанадағы 27-28 ақпан және 1 наурыз 2026 жылғы ауа райы туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!