СҚО-да полицейлер тұрғынның интернет-алаяқтарға аударған 18,6 млн теңгесін қайтарды
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Өткен жылдың желтоқсан айының соңында Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының 45 жастағы тұрғыны Instagram желісінен банктердің бірінің "тегін акциялар" арқылы табыс табу туралы жарнамасын көрген.
Әйел сілтеме арқылы өтіп, байланыс нөмірін қалдырған. Telegram мессенджері арқылы оған "аналитик" хабарласып, валюта саудасына арналған арнайы қосымшаны жүктеуге көндірген. Алайда бұл қосымша жалған болып шыққан. Онда көрсетілген мәліметтер шынайы саудамен еш байланысы болмаған.
Әйел бастапқыда 25 мың теңге салған. Көп ұзамай оған "алғашқы дивиденд" ретінде 11 мың теңге қайтарылған. Болашақтағы жоғары табысқа сенген жәбірленуші eGov порталындағы несие рәсімдеуге қойылған тыйымды алып тастап, банктерден қарыз алған, сондай-ақ туыстары мен таныстарынан ақша қарызға алған.
Екі ай ішінде ол алаяқтарға жалпы сомасы 18,6 миллион теңге аударған. Тек ақпан айында жәбірленуші алданғанын түсініп, полицияға жүгінген. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер Қостанай қаласының 25 жастағы тұрғынын анықтады. Ол жәбірленушілердің қаражатын криптовалютаға айырбастап, алаяқтық схеманы ұйымдастырушыларға жіберді деген күдікке ілінген.
Жас жігіт бұл әрекетті қосымша "жеңіл табыс" ретінде қарастырғанын айтқан. Полицейлер дропперлік қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін түсіндіргеннен кейін, күдікті келтірілген шығынды өтеу үшін қаражат тапқан. Оның анасы жәбірленушіге барлық соманы жеке өзі жеткізіп берген.
Қазіргі уақытта Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөлімі қызметкерлері материалдарды процестік шешім қабылдау үшін аумақтық тиесілігі бойынша Қостанай қаласындағы әріптестеріне жолдауға дайындауда.
Жыл басынан бері СҚО-да интернет-алаяқтықтың 200-ден астам дерегі тіркелді, оның 24-і "инвестиция" схемасына қатысты. Мұндай алаяқтық түрі әдетте ең ірі материалдық шығындарға әкеледі. Полицейлер интернеттегі "жеңіл табыс" туралы уәделерге сенбеуге шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:06, 26 ақпан 2026
Қазақстанның кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
-
17:49, 26 ақпан 2026
Қазақстан құрамасы мәнерлеп сырғанаудан Эстониядағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді
-
17:31, 26 ақпан 2026
Алматыда онкологиялық бейін бойынша Құзырет орталығы ашылды
-
17:20, 26 ақпан 2026
София Актаева семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола медаль алды
-
17:12, 26 ақпан 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті SMS пен WhatsApp-тағы хабарламаларға байланысты ескерту жасады





