Петропавлда жоғалып кеткен егде жастағы әйел емхана жанынан үсіген күйінде табылды
© Сурет: Zakon.kz
Алдын ала мәліметтер бойынша, Петропавлда денесі табылған 75 жастағы зейнеткер әйел үсіп қалған болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткердің денесі ертеңінде таңертең емдеу мекемесінің жанынан табылды, деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы. Алдын ала болжам бойынша марқұм далада үсіп қалған.
"Енді оның анық-қанығын тергеушілер анықтайды", делінген телеарна ақпаратында.
Өңірде қатты аяздың күшіне мінгеніне - осымен үшінші тәулік.
"Әйелдің денесін екінші күні таңертең емхана маңынан учаскелік полицей тауып алды. Ол бірден жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Алайда қатты үсіп қалғандықтан әйел адам тіршілік белгілерін байқатпаған. Алғашқы медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін әйел адамды аман алып қалу ықтималдылығы күшін жойды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сонымен қатар оқиғаның барлық жай-жапсары анықталу үстінде. Әзірге, марқұмның көзі тірісінде ара-тұра ұмытшақтық дерті болғаны белгілі". Нұрсұлтан Елеусізов, қалалық ПБ №2 бөлімі бастығының орынбасары
Бұған дейін төрт адамның өмірін жалмаған Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған автобустағылардың жағдайы қандай екені хабарланған. Қазіргі уақытта 16 адам ауруханада жатыр. Оның ішінде 13-і травматология бөлімінде, үш пациент жансақтау бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауына алынған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:19, 17 қаңтар 2026
Атырауда жоғалып кеткен бір отбасы мүшелері: апалы-інілі екі адамды іздеу тоқтатылды
-
11:44, 17 қаңтар 2026
Алматы мен Астанадағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 17 қаңтар
-
11:06, 17 қаңтар 2026
Көкшетауда аязды күні жолда қалып кеткен Тәжікстан азаматтары құтқарылды
-
10:55, 17 қаңтар 2026
«Жарылыс болу қаупі туындаған»: Ақмола облысында түтіндеп жатқан пәтердің иесі құтқарылды
-
10:42, 17 қаңтар 2026
«Сынап бағаны ақырындап көтеріледі». Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы





