Жаңа прогрессивті Конституция – бірлігіміздің негізі: Атырау облысы әкімінің орынбасары жастармен кездесті
© Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов "Жаңа прогрессивті Конституция – бірлігіміздің негізі" тақырыбында өңір жастары және жас журналистермен кездесу өткізді. Басқосуда ел дамуы мен қоғамдағы жастардың рөлі, сондай-ақ өңірдегі бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу барысында жаңа Конституцияның маңызы, оның елдегі демократиялық өзгерістерге ықпалы және азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі де сөз болды.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Сондай-ақ Конституциялық реформалар аясында жүзеге асырылып жатқан жаңашыл бастамалар мен олардың жастар үшін ашып отырған мүмкіндіктері талқыланды.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Кездесу барысында аймақ басшысының орынбасары жастардың бастамалары мен ұсыныстарын тыңдап, олардың пікірлері өңірдің дамуына маңызды екенін айтты. Еркін форматта өткен жиында жастар қоғамдағы өзекті тақырыптарды көтеріп, түрлі ұсыныстарын ортаға салды.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Атап айтқанда, жиын барысында Атырау облысында спорт саласын дамыту, жас спортшыларға жан-жақты қолдау көрсету мәселесі қозғалды.
Сонымен қатар, жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, өнертапқыш жастардың басын қосатын арнайы орта қалыптастыру, сондай-ақ мәдениет саласын қолдау және дамыту бағытында ұсыныстар айтылды.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Дарын Шамұратов жастардың белсенділігі мен бастамашылдығын жоғары бағалап, олардың идеялары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететінін жеткізді.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 29 сәуір 2026
Алматы – Пусан бағытында тікелей әуе рейсі ашылмақ
-
22:35, 29 сәуір 2026
АҚШ-тың Иранға қарсы операцияға қанша қаржы жұмсағаны белгілі болды
-
22:19, 29 сәуір 2026
Қызылордада сәбиін сатпақ болған ана ұсталды
-
21:58, 29 сәуір 2026
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын сегіз медальмен аяқтады
-
21:37, 29 сәуір 2026
Алтын әшекейлерді ломбардқа өткізіп үлгерген: Кентауда ұрылардың әрекеті камералар арқылы әшкереленді





