Жасанды бет-бейне мен дауыс: қазақстандықтарға жаңа қауіп туралы ескертілді
© Фото: unsplash
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтар технологияларды алдау үшін қалай пайдаланатындығын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Агенттік ақпаратына сүйенсек, алаяқтар үшін дипфейк кибершабуылдар жасау және азаматтардың құпия деректерін ұрлау үшін тамаша құрал болып табылады.
Дипфейк – бұл ЖИ-дің көмегімен өңделген фото, бейне немесе аудио жазба. Бұл технология адамдардың бет-әлпетін жасауға, кез келген дауысты, ишараны қолдан жасауға немесе адамның сөзіне ол ешқашан айтпаған сөздерді қосуға мүмкіндік береді.
Кейбір сервистер өте сапалы болмаса да, тек бір бейненің немесе бірнеше секундтық дауыс жазбасы арқылы дипфейк-бейне немесе аудио жасай алады.
Қаскүнемдер дипфейктердік көмегімен не істей алады?
- банктік шотқа қол жеткізу, оны қолма-қол ақшаға айналдыру және жалған кредит беру үшін біреудің фото, бейне немесе аудио жазбасын қолдан жасау;
- қайтыс болған адамның деректерін ұрлау, банктік онлайн-қызметтерге қол жеткізу үшін оларға "жан бітіру" және т.б.;
- жалған дауысты қолдану: "туыстардан", "бастықтан", "банк қызметкерінен" қоңыраулар және т.б.
Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіру және оларды алаяқтық схемаларға тарту мақсатында мемлекеттік органдар басшыларының, сондай-ақ банктер мен басқа да қаржы ұйымдар жетекшілерінің бейнелерін заңсыз пайдаланады.
Дипфейкті қалай ажыратуға және алданып қалмауға болады?
Мына белгілерге назар аударыңыз: адамның біртүрлі жыпылықтауы немесе оның бейнеден жоғалуы, ретсіз сөздер, аздап кекештену немесе роботтың тоны. Бұдан басқа, алаяқтар әрқашан адамды асықтырады ("дәл қазір керек"), қайта қоңырау шалуға тыйым салады, әңгімені құпия ұстауды сұрайды.
"Қаскүнемдер түрлі инвестициялық онлайн-платформаларда ақша табуға белсенді түрде кеңес береді, оларға қатысу үшін жалған сайттарда өз деректерін қалдырып, ұйымдастырушыларға аз мөлшерде ақша аудару керек. СМС-тен кодтар мен карта деректерін жібермеңіз, хабарлар мен жарнамалардан сілтемелерге өтпеңіз, ақпаратты ресми көздер арқылы тексеріңіз",- делінген ақпаратта.
Егер жақын адамыңыз немесе досыңыз қоңырау шалып, шұғыл ақша аударуды сұраса, әңгімені аяқтап, оған өзіңіз қоңырау шалыңыз. Алаяқтар емес, ол сізге өзі шынымен қоңырау шалғанын тексеріңіз. Сондай-ақ, танымал және құрметті адамдардың суреттерін қолданатын "жарнамаға" сенудің қажеті жоқ.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде қаржы ұйымдарының мобильді қосымшаларының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылдайды. Қазіргі уақытта қаржы ұйымдарының клиенттеріне қашықтан қызмет көрсету кезінде негізгі фактор ретінде биометрияны міндетті түрде пайдалана отырып, екі факторлы аутентификацияны міндетті түрде қолдану талаптары қолданылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:13, 1 мамыр 2026
Маңғыстау полициясында 50-ден астам ұлт өкілдері қызмет етеді
-
16:56, 1 мамыр 2026
Алматыда жаппай төбелес адам өлімімен аяқталды
-
16:40, 1 мамыр 2026
Алматы ауа райы құбылмалы: жаңбыр, жел және кенет жылыну күтіледі
-
15:57, 1 мамыр 2026
Филиппинде 37 жыл бойы жасырынып жүрген АҚШ азаматы ұсталды
-
15:16, 1 мамыр 2026
Сенсациялық жаңалық: Норвегияда викингтер дәуіріне тиесілі ең ірі қазына табылды





