Пәтер сатып аларда нені тексеру қажет: Ақтау прокуроры маңызды мәлімдеме жасады
© Фото: freepik
Ақтау қаласы прокуроры Дауылбай Челпеков cоңғы уақытта Ақтау қаласында көппәтерлі үйлердің құрылысына қатысты тұрғындардың наразылығы жиілеп кеткеніне байланысты маңызды үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми үндеу 2026 жылғы 29 қаңтарда Маңғыстау облысының прокуратурасы сайтында жарияланды.
"Соңғы уақытта Ақтау қаласында көппәтерлі үйлердің құрылысына қатысты тұрғындардың наразылығы жиілеп отыр. Негізгі мәселелер – үлестік құрылыс және аяқталмаған нысандардың жылу, ауыз су, электр желілеріне қосылмауы. Ескертеміз: тұрғын үйлерді салуға берілген рұқсат пәтер сатуға рұқсат болып саналмайды. Бұл – екі түрлі құқықтық құжат",- делінген ақпаратта.
Ол қолданыстағы "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Заңға сәйкес, құрылыс жүргізу сатысында пәтер сату тек Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының немесе әкімдіктің тиісті рұқсаты алынған жағдайда ғана заңды екенін еске салды.
"Басқа жағдайларда пәтер сатуға тыйым салынады". Дауылбай Челпеков
Бұдан бөлек қала аумағында пайдалануға қабылданбағанына қарамастан, тұрғындар қоныстанып алған көппәтерлі үйлер бар екені атап өтілді.
"Бүгінгі күні үйлерді инженерлік желілерге қосуға кедергілер туындауда. Заңға сәйкес, азаматтарды көппәтерлі үйге қоныстандыру тек құрылыс толық аяқталып, пайдалануға қабылдау актісі алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады".Дауылбай Челпеков
Прокурор қабылдау актісі жоқ үйге қоныстандыру – заңсыз және әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатындығын мәлімдеді.
"Осыған байланысты азаматтарға пәтер сатып алмас бұрын, тұрғын үйдің заңдылығын әкімдіктен немесе оның ресми ақпарат көздерінен міндетті түрде тексеру қажет".Дауылбай Челпеков
Бұған дейін Қазақстан әскерінде жасанды интеллекті бар камералар орнатылуда екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:17, 29 қаңтар 2026
Үкімет барлық салада инвесторлармен сындарлы диалог орнатуға әзір – Олжас Бектенов
-
16:06, 29 қаңтар 2026
Семейлік бойжеткендер арасындағы дау-дамай: ІІМ оқиғаның мән-жайын қайта тексереді
-
15:57, 29 қаңтар 2026
Алматыда тағы бір заңсыз қосалқы нысан сүрілді
-
15:42, 29 қаңтар 2026
29 қаңтардағы саудада доллар арзандады
-
15:30, 29 қаңтар 2026
ҰҚК OrdaMed компаниясының басшысын іздеуге жариялады





