Тоқаев қазақстандық IT-кәсіпкерлер Ерзат Дулат пен Мұрат Әбдірахмановты қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы қазақстандық IT-кәсіпкерлер Ерзат Дулат пен Мұрат Әбдірахмановты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Higgsfield AI стартапының техникалық директоры Ерзат Дулатпен және MA7 Ventures венчурлік платформасының негізін қалаушы Мұрат Әбдірахмановпен кездесіп, жасанды интеллектіні экономикаға, мемлекеттік басқару ісіне және әлеуметтік салаға жүйелі түрде енгізу, сондай-ақ IT-кәсіпкерлікті, венчурлік және AI-индустрияны дамыту мәселелерін талқылады.
Президент Higgsfield AI стартапының жетістігін жоғары бағалап, елімізде жасанды интеллект саласында жаһандық көшбасшы саналатын компанияның құрылуы зор табыс екенін айтты.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан IT саласындағы компаниялар тез арада іске қосылып, қарқынды түрде дамып, әлемдік нарыққа шығатын алаңға айналуы қажет. Бұл – негізгі міндет.
Ерзат Дулат Higgsfield командасының 95 пайызы қазақстандықтардан құралғанын, бұл жастардың әлеуетін танытатынын жеткізді. Сонымен қатар ол AI-индустрияға қажетті кадр даярлау және бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыру ісінде мемлекетпен серіктес болуға дайын екенін растады.
Мұрат Әбдірахманов венчурлік индустрия мемлекеттердің технологиялық дамуының тетігі саналатынына тоқталды. Бұл орайда Қазақстанның жаһандық венчурлік индустрияның толық қатысушысы болуға мүмкіндігі зор.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 28 қаңтар 2026
Биатлоннан Еуропа чемпионаты: жекелей жарысқа Қазақстан атынан кімдер қатысады
-
18:13, 28 қаңтар 2026
Қазақстанда қазір қай жолдар жабық тұр
-
18:00, 28 қаңтар 2026
Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болды
-
17:51, 28 қаңтар 2026
29 қаңтарда Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігінде қар жауады
-
17:34, 28 қаңтар 2026
Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon продюсерлік жобасының тұсаукесері өтеді





