Пәтер, ипотека және декреттік төлем уәде еткен алаяқ 500 миллион теңгеден астам қаржыны иемденген
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астанада 60-тан астам адамды алдаған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Сот оның азаматтарға ипотеканы жедел рәсімдеуге және декреттік төлем алуға көмектесемін деп уәде бергенін анықтады. Келтірілген жалпы шығын көлемі 500 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Істің мән-жайын бүгін, 2026 жылғы 23 шілдеде елорда прокуратурасы жариялады.
"Астанада әйел алдау және сенімге қиянат жасау арқылы таныстарына, көршілеріне және бұрыннан араласатын адамдарға қатысты бірнеше алаяқтық әрекет жасаған. Ұзақ уақыт бойы жауапкершіліктен жалтаруына олардың өзіне деген сенімі себеп болған. Ол азаматтарды ипотеканы жедел рәсімдеуге және тұрғын үй алуға ықпал ете алатыны туралы жалған мәлімет беріп, сендірген. Осы сылтаумен жәбірленушілерден ақша алған, олардың атына несие рәсімдеткен немесе жылжымайтын мүліктерін кепілге қоюға көндірген. Кейін алынған қаражатты өз пайдасына жаратқан. Сондай-ақ декреттік төлемдерді рәсімдеуге көмектесетінін айтып, пайызымен қайтарамын деген уәдемен ақша алып, міндеттемелерін орындамаған", – делінген прокуратура хабарламасында.
Тергеу мәліметінше, күдікті жәбірленушілердің бірінің сеніміне кіріп, оны банктен 16 миллион теңге көлемінде несие алу үшін екі бөлмелі пәтерін кепілге қоюға көндірген. Өзінің несиені төлеп, кейін үш бөлмелі пәтер алып беруге көмектесетінін айтқан. Алайда алған ақшаны иемденіп кеткен. Бастапқыда несиенің бір бөлігін төлегенімен, кейін төлемді тоқтатып, байланысқа шықпаған. Соның салдарынан жәбірленушіге 9 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.
Тағы бір жағдайда ол жәбірленушіден жұбайының декреттік төлемін көбейтіп беремін деген желеумен 5 миллион теңгеден астам ақша алған. Алайда уәдесін орындамай, қаражатты толықтай иемденген.
"Жалпы алғанда күдіктінің қылмыстық әрекеттерінен жәбірленушілерге 500 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілді", – деп мәлімдеді Астана қаласының прокуратурасы.
Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдейтін жеткілікті айғақтарды ұсынғаны атап өтілді.
"Сотталушы кінәсін ішінара мойындап, жекелеген эпизодтар бойынша жасаған ісіне өкінетінін айтты. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ жәбірленушілердің келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап-арыздары толық қанағаттандырылды", – деп мәлімдеді Астана қаласының прокуратурасы.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Прокуратура аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкіне қарсы қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салып, азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырды.
Еске салайық, 2026 жылғы 14 шілдеде Астанадағы жекеменшік клиниканың басшысы Damumed жүйесі мен МӘМС қаражатына қатысты ондаған миллион теңгенің алаяқтық схемасын ұйымдастырғаны белгілі болған еді. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қылмыс азаматтарды медициналық ұйымға тіркеу туралы деректерді қолдан жасау арқылы жүзеге асырылған. Соның салдарынан мемлекетке 79 миллион теңгеден астам залал келтірілген. Сот клиника басшысын 5 жылға, ал Денсаулық сақтауды дамыту орталығының қызметкерін 3 жылға бас бостандығынан айырған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:18, 23 шілде 2026
21 күнде 1300-ден астам заңбұзушылық: ҰҚК жанар-жағармайды заңсыз әкету деректерін жариялады
-
14:05, 23 шілде 2026
Креативті индустрияға жататын қызмет түрлерінің тізімі кеңейтілді
-
13:55, 23 шілде 2026
Қарағандыда Қызыл кітапқа енген жыртқыш құстарды заңсыз ұстау әрекеті бойынша тың мәліметтер белгілі болды
-
13:42, 23 шілде 2026
Шымкент әуежайындағы жағдайға байланысты FlyArystan-ның екі рейсі бағытын шұғыл өзгертті
-
13:34, 23 шілде 2026
Маңызды ескерту: Бір ғана келісім арқылы миллиондаған қарызды мойныңызға іліп алуыңыз мүмкін





