Креативті индустрияға жататын қызмет түрлерінің тізімі кеңейтілді

14:05, 23 шілде 2026
MKZ: 1557604

© Сурет: pixabay

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 20 шілдедегі бұйрығымен креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесіне толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, тізім мынадай креативті қызмет түрлерімен толықтырылды:

  • веб-порталдар қызметі;
  • радиохабар тарату;
  • мәдениет саласындағы білім беру;
  • жарнама агенттіктерінің қызметі;
  • кітап шығару;
  • баспа қызметінің өзге де түрлері;
  • кино, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды тарату қызметі;
  • кинофильмдерді көрсету қызметі;
  • полиграфиялық өндірістің өзге де түрлері;
  • тығыннан, сабаннан және өруге арналған материалдардан бұйымдар өндіру.

Бұйрық 2026 жылғы 2 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!