Астанада телефон сататын дүкенге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды

18:53, 22 шілде 2026
MKZ: 1557479

© Сурет: polisia.kz

Елордадағы дүкендердің бірінде 56 жастағы ер адам сатушының жоқтығын пайдаланып, сауда сөресінің ар жағына өтіп, iPhone 11 Pro Max және Redmi екі телефонын алып, ештеңе болмағандай дүкеннен шығып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтар мен сауда орындарының өкілдерін мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Сондай-ақ бөтеннің мүлкін заңсыз иемденуге бағытталған кез келген құқыққа қайшы әрекет заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Бұған дейін Жетісу облысында өзгенің банк шоттарын алаяқтарға берген екі қылмыстық топ әшкереленгені хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!