Бурабайға демалуға барған бір отбасы мүшелері қайғылы жағдайға ұшырай жаздады
© Сурет: pixabay
Бурабай ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлден жеті адам құтқарылды, оның бірі - емізулі сәби, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылы 22 шілдеде ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының күрт нашарлауына байланысты демалушылар жағаға өз бетінше қайта алмай қалған.
"Бурабай көлінде акваторияны патрульдеу барысында жағадан 800 метр қашықтықта ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары резеңке қайықпен алты адамды, оның ішінде бір емізулі сәбиді қауіпсіз жағаға жеткізді. Демалушылар құтқару кеудешелерін киген, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", делінген хабарламада.
Сонымен қатар, төтеншеліктер дәл осы уақытта ауа райының күрт нашарлауына байланысты Щучинск қаласындағы Щучье көлінде тағы бір адамға көмек керек болды.
"Жағадан 1 шақырым қашықтықта ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары резеңке қайықпен балық аулауға шыққан азаматты құтқарды. Ер адам жағаға өз бетінше қайта алмай қалған. Ол құтқару кеудешесін киген, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ".
ТЖМ су айдынына шығар алдында жүзу құралының техникалық жағдайын міндетті түрде тексеру керектігін, өзіңізбен байланыс құралдарын және құтқару кеудешелерін алып жүру қажеттігін ескертеді.
Бұған дейін балық аулаймын деген бір топ адам мінген жеңіл көлік Қызылжар ауданының Красный Яр ауылы маңындағы Есіл өзенінің жағасындағы батпаққа батып қалғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:06, 9 тамыз 2026
Ахмади Маханов алғаш рет World Tennis J100 турнирінің чемпионы атанды
-
17:53, 9 тамыз 2026
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Азия кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
-
16:38, 9 тамыз 2026
Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің чемпионы атанды
-
16:04, 9 тамыз 2026
10 тамызда елде ауа райы құбылмалы болып, температура +44°C-қа дейін жетеді
-
15:33, 9 тамыз 2026
Ақтас кентіндегі психиатриялық аурухана пациенттеріне қатыгездік көрсетілгені рас па





