Суға жүзуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 16 медаль жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Таиландтың Бангкок қаласында жас ерекшеліктері бойынша су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасының жүзгіштері жарысты алты алтын, жеті күміс және үш қола медальмен аяқтады.
Алтын медаль иегерлері:
- Александр Румынский – 100 метрге шалқалап жүзу;
- Даниил Чужинов – 200 метрге кешенді жүзу;
- 4×100 метрге жүзуден аралас эстафета, А тобы;
- Александр Румынский – 200 метрге шалқалап жүзу;
- Анатолий Руденко – 100 метрге брасс әдісімен жүзу;
- Анатолий Руденко – 50 метрге брасс әдісімен жүзу.
Күміс жүлдегерлер:
- Александр Миронычев – 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу;
- Дарья Чеснокова – 50 метрге шалқалап жүзу;
- Федор Диденко – 800 метрге еркін стильмен жүзу;
- 4×100 метрге жүзуден аралас эстафета, B тобы;
- 4×200 метрге еркін стильмен жүзу эстафетасы, А тобы;
- Александр Миронычев – 50 метрге еркін стильмен жүзу;
- 4×100 метрге жүзуден аралас эстафета, А тобы.
Қола жүлдегерлер:
- Федор Диденко – 400 метрге еркін стильмен жүзу;
- 4×100 метрге еркін стильмен жүзу эстафетасы, А тобы;
- Даниил Чужинов – 400 метрге кешенді жүзу.
Айта кетейік, құрлық біріншілігінде жасөспірімдер мен жастар санатындағы спортшылар бақ сынауда.
Бұған дейін Қазақстан спортшысы қозғалмалы нысанаға оқ отудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:22, 22 шілде 2026
Бурабайға демалуға барған бір отбасы мүшелері қайғылы жағдайға ұшырай жаздады
-
21:12, 22 шілде 2026
«Бұршақ түсіп, тұман басады». Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:35, 22 шілде 2026
Жалған аккаунттар мен боттар шабуылы: Құрылтай сайлауы қарсаңында ел азаматтарына ескерту жасалды
-
20:23, 22 шілде 2026
Қостанайда мұз құлап, көлігі зақымданған жүргізуші сотқа жүгініп, 2 млн теңге өндіріп алды
-
19:28, 22 шілде 2026
«Балық аулаймыз деп өздері «қақпанға түсті». Есіл жағалауындағы тосын оқиға





