Маңызды ескерту: Бір ғана келісім арқылы миллиондаған қарызды мойныңызға іліп алуыңыз мүмкін
© Фото: freepik
Бүгін, 2026 жылғы 23 шілдеде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарызды ресімдеу кезінде қоса қарыз алушының жауапкершілігі қандай екенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Агенттік азаматтарға кредит шарттары бойынша міндеттемелерді қоса қарыз алушы ретінде қабылдауға мұқият қараудың маңыздылығын еске салды.
Қоса қарыз алушы – қарыз алушымен бірге банктік қарыз шартына қол қоятын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуына бірдей жауапты тұлға. Егер қарыз алушы өз міндеттемелерін орындауды тоқтатса, кредитор қоса қарыз алушыдан берешекті толық немесе ішінара өтеуді талап етуге құқылы.
Іс жүзінде қоса қарыз алушылар көбінесе ипотекалық қарыздарды ресімдеу кезінде қарыз алушының өз кірісі кредитті мақұлдау үшін жеткіліксіз болған кезде тартылады. Мұндай жағдайларда банк қарыз алушы мен қоса қарыз алушының жиынтық кірісін ескереді, бұл қарыз алу ықтималдығын арттыруға мүмкіндік береді.
"Бұл ретте қоса қарыз алушы өзіне негізгі қарыз алушы сияқты міндеттемелерді қабылдайды. Мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда кредитор оған шоттарындағы қаражатты есептен шығаруды, мүлкін өндіріп алуды және сот талқылауын қоса алғанда, заңнамада көзделген өндіріп алу шараларын қолдана алады",- делінген ведомство ақпаратында.
Қоса қарыз алушының мәртебесі кепіл беруші (кепілгер) мәртебесінен өзгеше екенін ескеру қажет екені де атап өтілді.
"Қоса қарыз алушының кірісі кредит сомасын айқындау кезінде ескеріледі, ал оның жауапкершілігі шарт бойынша міндеттемелердің барлық көлеміне қолданылады. Өз кезегінде кепіл берушінің жауапкершілігі берілген кепілдік шарттарымен шектеледі". ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Осыған байланысты агенттік қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады.
"Қоса қарыз алушы болуға келіспес бұрын, шарттың талаптарымен мұқият танысып, негізгі қарыз алушының қарызды өтеуде қиындықтары туындаған жағдайда өзінің қаржылық мүмкіндіктерін объективті бағалауға, сондай-ақ міндеттемелер қоса қарыз алушылардың санына қарамастан шарт талаптары толық орындалғанға дейін сақталатынын ескеруге кеңес беріледі. Кредит мәмілесіне қатысу туралы шешім қабылдау терең ойлануды және онымен байланысты барлық тәуекелді түсінуді талап етеді. Ықтимал салдарды жеткілікті бағаламау айтарлықтай қаржылай салмақ салуы мүмкін".
Бұған дейін Ұлттық банк 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноталарға қатысты маңызды ескерту жасағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:08, 23 шілде 2026
Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда комиссияны кім төлейді – банк пе, сатушы ма, әлде сатып алушы ма
-
14:56, 23 шілде 2026
Астана, Алматы және Шымкентте жаңбыр жауады, алайда аптап ыстық +38 градусқа дейін жетеді
-
14:46, 23 шілде 2026
Бас прокуратура Құрылтай сайлауы қарсаңында қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады
-
14:38, 23 шілде 2026
30 мектеп пен 30 балабақша: Қазақстанда алты ай ішінде не салынды
-
14:26, 23 шілде 2026
Зейнетақы аннуитеті бойынша мұрагерлердің құқығын күшейтетін өзгерістер ұсынылды





