Айыппұлдардың бар-жоғын тексеру әрі оны төлеу үшін кезекке тұрудың қажеті жоқ - тиімді мемқызмет туралы

17:33, 22 шілде 2026
MKZ: 1557467

© Сурет: pexels

Әкімшілік айыппұлдарды eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік органдарға жүгінбей онлайн тексеріп, төлеуге болады. Бұл туралы 2026 жылы 22 шілдеде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Әкімшілік айыппұлдарды іздеу және төлеу" қызметі әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын тексеруге және оларды төлеуге мүмкіндік береді.

Төлем жасау үшін:

  • төленетін айыппұлды таңдаңыз;
  • төлем жүргізілетін банкті таңдаңыз;
  • төлем жасалғаннан кейін порталға қайта оралып, сұрауға қол қойып, электрондық түбіртекті алыңыз.

Әкімшілік айыппұлдарды тексеру және төлеу жолымен мына видеодан толығырақ қанығуға болады.

Бұған дейін Алматыда көлік орындығында тұрған жылтыр пакетке айыппұл келгені туралы желіде ақпарат пайда болып, бұған қатысты полиция түсініктеме берген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!