Перзентхана дәрігерлерінің білімі халықаралық стандарттар бойынша бағаланатын болады
© Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің 20 өңірін қамтитын босандыру ұйымдарының мультидисциплиналық командалары мамандарының білімі мен дағдыларын бағалау бағдарламасы басталғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған шара Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының (ҰТЕО) базасында өтеді.
"Тестілеу мен тренингтердің негізгі мақсаты аналар мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету саласындағы мамандардың негізгі дағдыларын дамыту және кәсіби құзыреттерін жетілдіру болып табылады.Бағдарламаның шеңберінде жоғары білікті сарапшылар мен бейінді медициналық қауымдастықтардың өкілдерінен тұратын жаттықтырушылар тобы құрылды", деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
Заманауи әдістер мен халықаралық стандарттарға негізделген бұл тәсіл пациенттердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға және перинаталдық медицинада үздік практикаларды енгізуге ықпал етеді.
Соңғы 10 жылдың ішінде алғаш рет 2024 жылы ана мен бала денсаулығын сақтау саласында нәресте өлімін 6,7%-ға, ана өлімін 11,4%-ға төмендету бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді.Босандыру қызметінің барлық мамандарының кәсіби және үйлесімді жұмысының арқасында өткен жылы әйелдерді 367 мың қауіпсіз босандыру жүргізілді.
Алайда, қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, қызмет мамандарының біліктілігін арттырудың есебінен ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда.
Бұған дейін "СҚ-Фармация" БҚДА сынынан кейін отандық дәрі-дәрмектерді сатып алудың алгоритмін ұсынғанын жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





