Перизат Қайрат ісі: «Алматы-Тазалық» қызметкерлері 3 млн теңгені қайтаруды талап етті
© Сурет: akorda.kz
Астанада Перизат Қайратқа қатысты іс аясында 2024 жылғы тасқын кезінде ұрланған қаражатқа байланысты бірнеше куәгерден жауап алынды. Солардың бірі "Алматы-Тазалық" компаниясының су тасқынынан зардап шеккендерге қандай көмек көрсеткісі келгенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Сотта "Алматы-Тазалық" өкілі 2024 жылғы 26 сәуірде Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорының есепшотына 3 млн теңге аударылғанын мәлімдеді.
"Бұл шешімді жұмысшылардың өздері қабылдады. Қазақстандағы тасқын мен су басудан зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік жалақыларын бөлді. Бухгалтерия бұл соманы қорға аударды. Біз адалдыққа сендік. Қиын жағдайда көмек сұралған соң, адамдар шын көңілмен қол ұшын созды. Ал ақырында бұл қаржы шынымен тиісті жеріне жетті ме — ол қорлар мен ұйымдардың ұйымдастырушылары мен жетекшілерінің ар-ұятына байланысты", - деді ол.
Оның айтуынша, бұл сомаға байланысты азаматтық талап арыз берілген, енді қаражат Перизат Қайраттың қорынан өндірілмек.
"Біз бұл ақшаны Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық қорына аудардық. Сол ұйымнан өндіріп аламыз. Қажет болса, оның құрылтайшылары мен директорын қосымша жауапкершілікке тартуға болады. Бұл – "Алматы-Тазалық" қызметкерлерінің ақшасы. Олар оны күннің астында, көшеде ауыр еңбектеніп тапқан», – деп жауап берді куәгер қорғаушының "қор таратылып кеткен" деген уәжіне.
Бұған дейін іс бойынша тағы бір куәгер Перизат Қайратқа кәсіпкерлер тасқыннан зардап шеккендерге деп берген қаражатты ол қытайлық торлы сөмкелермен тасымалдағанын айтқан болатын.
Сондай-ақ сот отырысында куәгер сотталушының жоғары білім туралы дипломы қалай пайда болғанын айтып берді.
2025 жылғы 14 шілдеде Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Перизат Қайрат ісі бойынша негізгі сот процесі басталды. Ол алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру баптары бойынша айыпталып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:04, 16 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт бұзылады: үш күнге арналған болжам
-
20:43, 16 желтоқсан 2025
Әуезов театрының 100 жылдығында «Еңлік – Кебек» қайта сахналанады
-
20:22, 16 желтоқсан 2025
Шымкент таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді
-
20:03, 16 желтоқсан 2025
Qazaqstan телеарнасы 16 желтоқсанда Димаш Құдайбергеннің концертін көрсетеді
-
19:52, 16 желтоқсан 2025
Көлік министрлігі мерекелік күндердегі әуе рейстеріне қатысты маңызды шешім қабылдады





