Павлодарлық дәрігерлер жол апатынан зардап шеккен үш баланың жағдайы қандай екенін айтты

20:19, 1 шілде 2024

© Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Павлодар облысында бала толы жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысқан. Бір ұл мен екі қыз бала ауруханаға шұғыл жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Павлодар-онлайн" басылымның хабарлауынша, аталған жол апаты 29 маусымда Павлодар мен Ақсу арасындағы тас жолда болған.

"Оқиға орнынан облыстық балалар ауруханасына бірден үш бала жеткізілді: 8 жасар ұл, 10 және 11 жастағы екі қыз бала. Балалардың жанында екі ересек адам: 65 жастағы ер адам мен 66 жастағы әйел болған. Жол апатынан зардап шеккен 37 жастағы ер адам медициналық тексеруден кейін үйіне оралды", - деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Облыстық балалар ауруханасы балалардың жағдайына қатысты ақпаратпен бөлісті.

"Балаларды кезекші дәрігерлер тексерді: травматолог, хирург және ЛОР дәрігері. Барлығы травматология бөлімшесіне жатқызылды. Ата-ананың айтуынша, 29 маусымда сағат 13.00-де Қарабай ауылының маңында жүк көлігімен соқтығысқан. Көлікте зардап шеккен балалар да болған. ​Қазіргі уақытта барлық қажетті емдеу-диагностикалық іс-шаралары жүргізілуде", - деп атап өтті ақ халаттылар.

Үш балада да бас миының жабық жарақаттары, мидың шайқалуы, көптеген көгерулер мен сырылулар бар.

1 шілдеде ҚР құтқарушылары көрші елдегі селден қаза тапқан балалардың денелерін тасымалдау үшін Қырғызстанға ұшып барғаны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!