Тимофей Скатов Франциядағы турнирді сәтті бастады

19:40, 3 шілде 2024

© Фото: zakon.kz

Труада (Франция) топырақ төсенішінде ATP Challenger санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов жекелей сында бірінші раундтық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық Тимофей Скатов алғашқы айналымда швейцариялық теннисші Мика Брунольдты (591 ATP) 6:1, 6:7, 6:3 есебімен жеңді.

Матч 2 сағат 26 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Скатов үш рет эйс жасап, жеті қос қателікке жол берді, төрт брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!