Павлодарда жыл басынан бері 6 мыңнан астам мас азамат жауапқа тартылды
© Фото: pexels
Павлодар облысында қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде жүргені үшін жыл басынан бері 6583 адам жауапқа тартылды. Полиция қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бақылауды күшейтіп отыр.
Павлодар облысында "Заң және тәртіп" қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және алкогольге қарсы заңнама талаптарының сақталуын бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Жыл басынан бері қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені немесе масаң күйде жүргені үшін 6583 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Күн сайын "102" арнасына мас күйде жүрген азаматтар туралы тұрғындардан ондаған хабарлама келіп түседі.
Осындай хабарламалардың бірі бойынша Украинская көшесінде полиция қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде алкогольдік масаң күйде ұйықтап жатқан ер адамды анықтады.
Тағы бір жағдайда Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі гараждардың маңынан жерде қатты масаң күйде жатқан азамат табылды. Екі жағдайда да азаматтар уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді.
Естерін жиғаннан кейін оларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды. Полиция қоғамдық орындарға мас күйде келу қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, адамның өз өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ айналасындағылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін еске салады.
Тәртіп талаптарын сақтау және өзара құрмет таныту – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың басты шарттарының бірі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:48, 6 тамыз 2026
Астанада жұмыс беруші өтемақы төлеуден бас тартып, айыппұл арқалады
-
13:35, 6 тамыз 2026
Демалыс қарсаңында қазақстандық жүргізушілерге маңызды ескерту жасалды
-
13:22, 6 тамыз 2026
2 млн теңгеге дейінгі жалақы: Еңбек министрлігі мұндай табыс кімдерге ұсынылатынын айтты
-
13:16, 6 тамыз 2026
Алматыдағы Саин көшесінде төртінші жолақ қосылып, жылдамдық шектеуі енгізілді - не себеп болғаны белгілі болды
-
13:03, 6 тамыз 2026
ҰБТ-2026 қорытындысы: қанша талапкер грантқа үміткер бола алады





