Қазақстан суға жүзуден АҚШ-тағы халықаралық турнирде 17 медаль иеленді
© Сурет: olympic.kz
Қазақстандық жүзгіштер Гринсборода (АҚШ) өткен халықаралық турнирде табысты өнер көрсетті. Отандастарымыз аталған бәсекеде 13 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, София Абубакирова жекелей сайыста 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден алтын алды. Сондай-ақ 50 метрге шалқалап жүзуден қола жүлдегер атанды.
Одан бөлек София 4×50м еркін стильде, 4×100м еркін стильде және 4×50м аралас эстафетада алтын жүлдеге ие болды.
Максим Сказобцов 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден бірінші орын алды. Ал 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден күміс жүлдегер атанса, 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үшінші орыннан көрінді.
Сондай-ақ Максим 4×50м еркін стильде, 4×100м еркін стильде және 4×100м аралас эстафетада алтын жүлдеге ие болды.
Егор Попов 100 метрге еркін стильде жүзуден алтын алды. Сонымен қатар 4×50м еркін стильде, 4×50м аралас эстафетада бірінші орынды иеленді.
Ришат Жумагулов 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс медальға ие болды. Одан бөлек, 4×50м еркін стильде, 4×50м аралас эстафетада жеңіс тұғырының бірінші сатысынан көрінді.
Бұған дейін Қазақстан академиялық ескек есуден U19 әлем чемпионатында бақ сынайтынын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:51, 20 қыркүйек 2026
Төртінші алтын медаль! Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды
-
13:39, 20 қыркүйек 2026
Үшінші алтын медаль! Жоламан Биғабыл 2026 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды
-
13:07, 20 қыркүйек 2026
Азиада-2026: Қазақстан ерлер құрамасы қазіргі бессайыстан қола медаль еншіледі
-
12:31, 20 қыркүйек 2026
2026 жылғы Азия ойындары: Қазақстан қоржынында тағы бір алтын медаль!
-
10:21, 20 қыркүйек 2026
2026 жылғы Азиадада Қазақстан нысана көздеуден үздік ондыққа енді





