Найзағайдың кесірінен елімізде жеті орманда от тұтанды
© Сурет: gov.kz
5 тамызда Қазақстан аумағында жеті орман өрті тіркелді. Өрт Қостанай облысында, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында, сондай-ақ "Ертіс орманы" мен "Семей орманы" аумақтарында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт ошақтары орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы дер кезінде анықталып, қажетті күштер мен құралдар жедел жұмылдырылды. Қабылданған үйлесімді әрі жедел шаралардың нәтижесінде өрттер қысқа мерзімде оқшауланып, толық сөндірілді.
Өртті сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, РМҚК "Қазавиаорманқорғау" кәсіпорнының әуе өрт сөндіру десантшылары мен тікұшақтары қатысты.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің шығу себебі – найзағай разрядтары.
"Соңғы уақытта елімізде найзағайлы фронттардың сақталуына байланысты орман өрттерінің туындау қаупі жоғары деңгейде қалып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері мен РМҚК "Қазавиаорманқорғау" күштері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Әуе патрульдеуі мен орман алқаптарын бақылау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде". ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі
Бұған дейін Өскеменде табиғат ерекше мінез танытып, дүлей дауыл соққанын, көлемі жұмыртқадай болатын ірі бұршақ түскенін жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:22, 5 тамыз 2026
Алматы жаһандық рейтингіде ауасы ең лас қалалар қатарында жүр
-
21:51, 5 тамыз 2026
Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда
-
20:41, 5 тамыз 2026
«Жақсы жаңалығым бар!». Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды
-
20:18, 5 тамыз 2026
«Бұршақ жауып, дауыл тұрады». Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
19:50, 5 тамыз 2026
Бұрынғы еңбек вице-министрі жаңа лауазымды қызметке тағайындалды





