Қазақстандықтар мысықтарға арналған «ХҚКО» ашты: үй жануарына ресми төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады
© Сурет: Threads/alishka_str
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде мысықтарына әзіл ретінде "жеке куәлік" жасап, жаңа тренд бастады. Осы орайды пайдаланып Электрондық үкімет өкілдері үй жануарларына шын мәнінде ресми төлқұжат рәсімдеуге болатынын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған суреттерде ҚР жеке куәлігіне ұқсас құжаттар бейнеленген. Онда аты-жөні, берілген күні және басқа да деректер көрсетілген. Бірақ құжаттағы адамның орнына мысықтардың суреттері қойылған. Пікір жазғандар бұл идеяны қолдап, тіпті үй жануарларына арналған құжаттарды адамның жеке куәлігі үлгісінде жасауды ұсынған.
Бұл ретте, eGov.kz Электрондық үкіметі қазақстандықтарға үй жануарларына ресми цифрлық төлқұжат рәсімдеуге болатынын еске салды.
"eGov Mobile қосымшасы арқылы үй жануарыңыздың цифрлық төлқұжатын бірнеше секундта қарап, қажет болған жағдайда көрсете аласыз.Құжатта үй жануары туралы негізгі мәліметтер, вакцинациясы және басқа да маңызды ақпарат көрсетіледі", – деп мәлімдеді ведомство 2026 жылғы 5 тамызда.
Үй жануарына мұндай төлқұжат алу үшін оны алдымен TABAN үй жануарларын есепке алудың бірыңғай деректер базасында тіркеу қажет. Осыдан кейін цифрлық төлқұжат автоматты түрде eGov Mobile қосымшасында пайда болады.
Цифрлық төлқұжатты ашу үшін:
- eGov Mobile қосымшасындағы "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп;
- "Басқа құжаттар" санатын таңдаңыз;
- "Үй жануарының төлқұжаты" бөлімін ашыңыз.
Цифрлық төлқұжат иелеріне ветеринарлық емханаға барған кезде, саяхатқа шығу барысында, көрмелерге қатысқанда немесе үй жануары жоғалған жағдайда ол туралы ақпаратты жылдам ұсынуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар бұл жүйе үй жануарларын есепке алуды реттеуге, қараусыз қалған жануарлардың санын азайтуға және иелерінің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. TABAN сайтындағы мәліметке сәйкес, бүгінде Қазақстанда 397 642 үй жануарына цифрлық төлқұжат рәсімделген. Оның ішінде 290 868 ит, 106 760 мысық бар.
Бұдан бөлек, 4 күзен, 5 қоян, сондай-ақ бір-бірден сәндік егеуқұйрық, тасбақа, капибара, хомяк және ергежейлі шошқа да тіркелген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:29, 5 тамыз 2026
Ақмола облысында 2 млрд теңге көлемінде заңсыз несие рәсімдеген ҰҚТ-ның жолы кесілді
-
17:06, 5 тамыз 2026
Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады
-
16:59, 5 тамыз 2026
Қазақстан біртіндеп цифрлық төлемдер еліне айналып келеді - статистика
-
16:53, 5 тамыз 2026
Электрондық құжаттарды пайдалану қағидалары жаңартылды
-
16:43, 5 тамыз 2026
Алтынның құны қайта өсті: бағалы металл бағасының шарықтауына не әсер етуде






